Қазақ тілінен емтихан тапсыру – маңызды қадам » КГУ «Общеобразовательная школа №77» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№77 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 264-76-63
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-19-98
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
мамыр
2024

Қазақ тілінен емтихан тапсыру – маңызды қадам

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қазақ тілінен білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында биыл бірінші рет елімізде 5-8, 10 сыныптар үшін 27-31 мамыр аралығында емтихандар өткізілуде. Емтиханның мақсаты – білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау.

Мектебімізде емтихан өткізілу барысында оқушылар эссе жазып, сондай-ақ оқылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуда мәтінді оқу, әңгімелесу  және мәтінді тыңдау, түсіну бойынша өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, мектебімізде ұйымдастырылған жазғы лагерьде қазақ тілін жетік меңгеруге ниетті оқушылар саны көбейді. Бұл бастама мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

Адам тал бесіктен жер бесікке дейін оқымаққа, білмекке, үйренбекке ұмтылуы керек. Дәл қазір біз уақыт тұрғысынан құндылықтар алмасып, тиімді оқыту қағидаттары мен білім берудегі заманауи трендтер сапырылысып жатқан жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, қазақ тіліне деген құрмет пен ықыласты ұлттық сана биігіне көтеруде осындай нақты әрекеттер арқылы іске асыруымыз қажет. Бүгінгі күні әлем мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық ғана емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей түсуде. 



Похожие публикации:

25 қыркүйек 2023 Ойшыл,суреткер ақын
27 қыркүйек 2023 Менің ауылым
25 қыркүйек 2023 Әлидің үйі