Мектепке жол » КГУ «Общеобразовательная школа №77» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№77 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 264-76-63
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-19-98
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
тамыз
2024

Мектепке жол



Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылы 19 қаңтардағы Nº780 Жарлығымен жарияланған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық  акциясы басталғандығын хабарлаймыз.
Акцияның ұраны: "Жақсылық жаса!"
Қазақстан Республикасының  әрбір азаматы халықтың  әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытады.
 Акцияның  мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан отбасыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық  кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
 Алматы қаласының барлық азаматтарына, касіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жадайдағы отбасылар мен балаларға көмек көрсетуде өз үлестерін қосуға шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша мектеп акімшілігіне жолығуыңызды сұраймыз.