Аудандық шахмат турнирі өтті » КГУ «Общеобразовательная школа №77» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№77 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 264-76-63
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-19-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
желтоқсан
2023

Аудандық шахмат турнирі өтті

Тәуелсіздік күніне орай №77 жалпы білім беретін мектепте Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында аудандық шахмат турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын және шахмат спорт түрін насихаттау, жас дарындарға қолдау көрсету, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру.

Аудан мектептерінің 5-8 сыныптар бойынша 48 оқушы қатысты. Шарада Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Әмірқызы ойыншыларымызды құттықтап, сәттілік тіледі. Әділ қазы алқасы КСРО спорт шебері Бақбергенова Жанна Тұрғанбайқызы, Медеу аудандық білім бөлімінің спорт әдіскері Амирбекова Сания Аширхановна болды.
Турнирдің қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар бойынша 1 орынды № 29 мектеп, Муссалиев Амир , 2 орынды №163 мектеп Сансызбай Даниал, 3 ші орынды №159 мектеп Айтмұхан Айша иеленді, ал 7-8 сыныптар арасында 1 орынды 131 мектеп Бимухан Азат ,2 орынды № 29 мектеп Муссалиев Эльдар , 3 орынды №48 мектеп Дагуров Роберт иеленді. Жүлделі орын иегерлері турнир соңында еліміздің мақтанышы, шахматтан 2 дүркін әлем чемпионы №77 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Тулендинов Дінмұхаммедпен бір уақытта 6 финалист ойнады. Ойын нәтижесінде 5 ойыншыны жеңіп, 1 ойыншымен тең түсті. Барлық қатысушыларға толағай табыс тілейміз! 

Похожие публикации:

01 маусым 2022 Алматы БалаFest
24 қаңтар 2020 Абай 175 жыл