Спортшылармен кездесу » КГУ «Общеобразовательная школа №77» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№77 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 264-76-63
Есепші бөлімі:
+7(727) 262-19-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
желтоқсан
2021

Спортшылармен кездесу

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған 30 жыл ішінде ел спортшылары едәуір жетістікке жетті. Дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның бірігуіне, ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты еркін, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытуға мүмкіндік берген алаңдардың біріне айналды. 

Осыған орай, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтой қарсаңында қалалық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi және спорт орталығының директоры Елнар Берікболсынұлының қолдауымен №77 жалпы білім беретін мектепте «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы, «Спорт саласының үздігі» , грек-рим күресінен ҚР спорт шебері, каратэ спортынан құрметті І дан иегері Жандос Аянбектың бастамасымен спортшылармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасу мақсатымен ел брендіне айналған промоушені “Алаш прайд” жауынгерлік клубының президенті, ҚР құрметті спорт қызметкері атағының иегері Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы, ММА бойынша әлем чемпионы Дәулет Үсербайұлы, қалалық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi және спорт орталығының директоры Назаров Елнар Берікболсынұлы, Медеу ауданы дене тәрбиесі және спорт орталығының әдіскері Амирбекова Сания мектебімізде қонақта болды. 

Қонақтарға мектеп мұражайы тарихы мен 76 жылдық естелікке толы жәдігерлермен таныстырылып, оқушылар мағыналы сұрақтар қойып, қонақтарымыз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға пайда берер жақсы ой талқы жасады.   Тәлім мен тәрбие, патриоттық пен өнеге, тәуелсіздіктің құнын ұқтыратын орны ерекше кездесу болып өтті. Кеш барысында домбырамен күй шертіліп, мың бұралған бишілер көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында Данияр Алдабергенұлы  мүмкіндігі шектеулі балаға сыйлығын беріп, жүрек жарды тілегін айтып, шабыт беріп, санаға серпіліс жасады. Мектеп директоры Ембергенова Сания Жұмағалиқызы қонақтарға естелік сыйлықтар сыйлап, алғыс хатпен  марапаттады. Сіздердің  қамқор, үлгі  болып жүрген осы  оқушыларға алтын уақытыңызды бөліп келгендеріңізге, шеберлік және тәжірибелік қоржынымызды толтырғандарыңызға мектеп ұжымының атынан, оқушылар атынан алғысымызды айтамыз. Ел абыройын сіз бен біз болып асқақтатып, көк байрағымызды жеңіс тұғырында желбіруіне тілекшіміз!