Ұлт ұстазы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сәйкес, мектебіміздің оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының музей - үйіне барып, Ұлт ұстазының тағылымды өміріне қатысты жәдігерлермен танысып келді. Музей -үй бөлім меңгерушісі Әділет Ахметұлы оқушыларды қарсы алып, экускурсовод Манатжан Аширов жәдігерлерді таныстырып, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын түсіндіріп, тың деректер айтты.