Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
Мектебімізде бүгін желтоқсанның 28 күні 1-11-сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектептің спорт залы әсем безендіріліп, шырша құрылды. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді сайыстар өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.Есігімізді қағып тұрған жаңа жыл баршамызға қуаныш, бақыт сыйласын!